Лизинг —компанияның негізгі қорын қаржыландыруға қатысты қаржылық қызмет түрі.
Лизинг алушы үшін лизингті қолданудың артықшылығы жабдықты лизингке алудағы салыстырмалы қарапайымдылық болып табылады. Сондай-ақ лизинг лизингалушыға қаржылық лизинг келісім-шартының мерзімінің аяқталуына қарай жабдықты өз меншігіне айналдыруға мүмкіндік береді. Лизингберуші жабдыққа меншікқұқығы болғанына қарамастан лизингалушы қаржылық лизингтың келісім-шарт міндеттерін орындаған жағдайда оны алуға еш құқығы жоқ.
Бұдан басқа лизинг алу кезіндегі келісім-шығындар лизингтік компания арқылы қаржыландырылады және осының арқасында өнеркәсіптің жаңа өнімді үлкен қаржылық ресурстарды мобилизаациялаусыз, ірі меншікті құралды кепілдікке қоймай не несие алмай модернизациялауға не ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кететін жайт лизингты қолдану өнеркәсіптің баланс құқығындағы жалға алған не жеке меншік құралдарына қатысты бөліктеріндегі экономикалық көрсеткішті нашарлатуға жол бермейді. Басқа сөзбен айтқанда, лизинг өнеркәсіпті несие алудан сақтайды.
Сонымен қатар лизингтың артықшылығы болып банкілік несиелендірумен салыстырғанда оның қол жетімділігі болып саналады. Бірде- бір банк үлкен жобаларды, мәселен басынан басталған, немесе жеткілікті қаматамассыз етілмейтін және тұрақты несиелік тарихы жоқ жобаларды қаржыландырмайды. Жабдықты несиеге алғаннан лизинге алу тиімді, себебі лизинг компаниялар ережелері қатаң тәртіпті ұстанбайды.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ –ы инструментариясы лизинг алушы кәсіпорынның ұсынылып отырған қызмет бағытына, оның мүмкіндігіне, жоба көлеміне және жеке пікірге сүйене отырып қаржылық лизингтің түрлерін ұсынады.
Компания АҚ «ҚДБ-Лизинг» қаржылық лизингтың келесі схемаларын ұсынады:
BLT схемасы бойынша лизинг;
Халықаралық лизинг;
Даму институттарының қатысуымен жасалған лизинг;
Қайтарымды;
Классикалық;
1. BUILD – LEASE – TRANSFER (BLT)
BLT (build – lease – transfer) схемасы бойынша «ҚДБ– Лизинг АҚ-да лизингтік келісімге келуде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға обьект құрылысы үшін материалдарды, жабдықтарды және аталған обьектіні лизингалушыға берудегі қызметтерді білдіреді не көрсетілген тапсырысты береді.
Бұл берілген схемада лизингтік келісімді жасауда жоба бастаушысы өз кезегінде жоба операторы болып табылып, Лизингалушы компаниясы құрылады. Ғимраттар, құрылыстар, машиналар және басқа құрылғылар лизинг обьектісіне енгізілгенен кейін лизингалушыға тапсырылады. Сондай-ақ жоба бастаушысы лизиналушыға «БРК – Лизинг» АҚ пайдасы үшін корпоративті кепілдік береді. BLT схемасы бойынша лизингтік келісімдерді қаржыландыру жобаны іске асыруда тұрақты қаржысы жеткілікті деңгейдегі үлкен компаниялар үшін жоспарланған
2. Халықаралық лизинг.
Халықаралық лизинг бойынша лизингті бекітуде Потенциалды лизингалушы жабдықтарды не басқа техникаларды алуды білдіретін лизингтік келісімді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға тапсырыс береді. Лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болмауға ттиіс.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ЛИЗИНГ.
Халықаралық лизинг бойынша лизингті бекітуде Потенциалды лизингалушы жабдықтарды не басқа техникаларды инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде алуды білдіретін лизингтік келісімді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға тапсырыс береді. Сондай-ақ жоба қатысушысы ретінде «ҚДБ – Лизинг» АҚ –дан басқа жоқ дегенде Қазақстанның бір даму институты болуы тиіс.
4. ҚАЙТАРЫМДЫ ЛИЗИНГ.
«БРК – Лизинг» АҚ қайтарымды лизинг схемасы бойынша лизингтік келісімдерді жасауда потенциалды лизингалушы «БРК – Лизинг» АҚ лизинг затын сатады, сосын дәл осы затты лизингке алып сонымен қатар бір уақытта лизинг затын беруші және лизингалушы болып табылады.
Қайтарымды лизинг лизингалушыға зат сату лизингі бойынша сәйкес капиталдан уақытша арылуға және оны қаржылық лизинг құқығында пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ лизинг бойынша барлық төлемдер жасалған соң лизингалушы лизингке тапсырылған заттар үшін қаржылық лизинг келісім-шартына сәйкес меншік құқығына ие болады
5. КЛАССИКАЛЫҚ ЛИЗИНГ.
«ҚДБ – Лизинг» АҚ классикалық лизинг схемасы бойынша лизингтік келісімдерді жасауда лизингтік келісімді қаржыландыру мүмкіндігі үшін тапсырыс береді. Келісім-шартты лизингтік қаржыладыру туралы дұрыс шешім қабылданған жағдайда, «ҚДБ– Лизинг» АҚ –ы лизингтік затты алуды қаржылық лизинг пен лизингалушы, лизинг затын жеткізуші мен лизинг алушы арасында сату-сатып алу келісім шартын жасау арқылы қаржыландырады.



