Казакша Русский English
Жиі қойылатын сауалдар
  • Сәлеметсіздер ме! Мен лизинг туралы білгім келеді, лизингтің артықшылығы неде?
  • Лизинг мәмілесі қалай жасалады?
  • «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқа компаниялардан айырмашылығы неде?
  • Өнім берушіні қалай таңдауға болады?
  • Жобаны қанша мерзімде қарайды?

  • Сәлеметсіздер ме! Мен лизинг туралы білгім келеді, лизингтің артықшылығы неде?
    Сәлеметсіз бе!
    Лизингтің артықшылығы – айналымдағы қаржыңыздан қомақты қаражат бөліп алмай-ақ, негізгі қаржыны пайдалануға мүмкіндігіңіз бар (лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның да, жаңадан ашылған кәсіпорынның да активтерін ұлғайту үшін тиімді құрал болып табылады. Айналымдағы қорға тиіспей-ақ, компания өзінің жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейте алады немесе жаңа өндіріс аша алады).
  • қосымша қызметтер кешені (лизинг нысанасын өнім берушіні іздеуге және таңдауға кәсіби көмек көрсету, мәмілелерді құрылымдау, заңдылығын қадағалау, құжаттарды ресімдеу, тасымалдаушымен, кеден брокерімен, сақтандыру компанияларымен жұмыс істеу, қаржы лизингі операцияларын есепке алу мәселелері бойынша кеңес беру).
  • Лизинг бойынша төленетін сыйақы өндіріс шығынына жатқызылады және, тиісінше, салық салынатын табысты төмендетеді.


  • Лизинг мәмілесі қалай жасалады?
    1. Лизинг алушы «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына өтініш береді.
    2. Лизинг беруші жобаға сараптама жасайды және лизинг нысанасын өнім берушімен келіссөз жүргізеді.
    3. Лизинг беруші Кредит комитетінде шешім қабылдайды.
    4. Лизинг алушы, Лизинг беруші және Өнім беруші үшжақты Сату-сатып алу шартын жасасады, сонымен бір мезгілде Лизинг алушы мен Лизинг беруші екіжақты Лизинг шартын жасасады.
    5. Аванстық төлем кепілзат, кепілдеме немесе ақша түрінде болады.
    6. Өнім беруші Лизинг алушыға лизинг нысанасын жеткізіп беруді жүзеге асырады. Жеткізіп беру қызметіне тасымалдау, лизинг нысанасы импортталған жағдайда кедендік ресімдеу, лизинг нысанасын ресімдеу және Лизинг алушыға тапсыру кіреді.
    7. Лизинг шартының мерзімі аяқталғанда және барлық қажетті лизинг төлемдері төленгенде «ҚДБ-Лизинг» АҚ лизинг нысанасына меншік құқығының Лизинг алушыға көшуін ресімдейді.

    «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқа компаниялардан айырмашылығы неде?
    «ҚДБ-Лизинг» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.

    «ҚДБ-Лизинг» АҚ елдегі басқа лизингтік компаниялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. «ҚДБ-Лизинг» АҚ мемлекеттік инвестициялық саясатты рыноктық әдіспен жүргізу үшін құрылған арнайыландырылған қаржы құралы болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ әлемдегі алдыңғы қатарлы рейтингтік агенттіктердің деректері бойынша елдегі тәуелсіз рейтинг деңгейінде кредиттік рейтингі бар компания. Экономиканың шикізатсыз секторын дамыту міндетінің көкейкестілігі компанияның республика экономикасындағы аса маңызды рөлін айқындайды.

    «ҚДБ-Лизинг» АҚ міндеті орта мерзімді және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру, Қазақстанның өндіріс секторын басқа кредиттік институттармен бірлесіп қаржыландыру жолымен қаржыландыруды ынталандыру, мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырып отырған лизингілік қаржыландыру механизмін жетілдіру. Компания экономиканың қайта өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, өндірістік және көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы сияқты секторларын қаржыландыруға басым көңіл бөледі.

    Өнім берушіні қалай таңдауға болады?
    Қандайда бір өнім берушіні Сіз өздігіңізден таңдап алуыңызға немесе «ҚДБ-Лизинг» АҚ көмегіне жүгінуіңізге болады. Компания мамандары Сізге қажетті нысананы жеткізіп беретін өнім беруші туралы ақпарат береді. «ҚДБ-Лизинг» АҚ әлеуетті өнім берушілердің деректер базасын құру сызбанұсқасын жетілдіру үстінде.

    Қазіргі уақытта «ҚДБ-Лизинг» АҚ түрлі жабдықтар мен техникаларды нақты өнім берушілермен тығыз байланыста, атап айтқанда:
    • арнайы техникаларды (жүк тиейтін және басқа);
    • құрылыс техникалары мен жабдықтарын;
    • ауыл шаруашылығы техникаларын;
    • өндірістік және кез келген басқа жабдықтарды.


    Жобаны қанша мерзімде қарайды?
    Жобаларды қараудың стандарттық мерзімі - 2-3 апта.